Коронавирус: ШҚО-да науқастарға 350 дозадан астам иммундық плазма құйылды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында COVID-19 инфекциясына шалдыққан 180-нен астам пациент қан плазмасымен емделді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Коронавирус: ШҚО-да науқастарға 350 дозадан астам иммундық плазма құйылды

Өңірде коронавирустан жазылып шыққан адамдардың иммундық плазмасын науқастарға құю әдісі жиі қолданылуда. ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бүгінгі таңда әртүрлі қан топтарындағы плазманың 3 123 дозасы дайындалған.

«Инфекциялық стационарлардың дәрігерлері үшін иммундық плазманы пайдалану бойынша семинарлар өткізілді. Осы уақытқа дейін 181 пациентке 352 доза плазма құйылған», - делінген хабарламада.

Иммундық плазманы дұрыс сақтау үшін Өскемен және Семей қалаларында екі қан орталығы үшін 20 мұздатқыш камера сатып алу жоспарланған. Сондай-ақ аудандық ауруханаларға қосымша 15 арнайы мұздатқыш және 19 плазмалық мұздатқыш сатып алынбақ.