Коронавирус: Талдықорған «қызылдан» «сары» аймаққа ауысты

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорған коронавирус ахуалы бойынша «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа ауысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Коронавирус: Талдықорған «қызылдан» «сары» аймаққа ауысты

25 мамыр күні облыс орталығы қызыл аймақта болғандықтан түлектерге соңғы қоңырау онлайн форматта өткен болатын.

Соңғы тәулікте 96 адам коронавирус жұқтырған. Оның алтауы - 14 жасқа дейінгі балалар және студенттер арасында 1 жағдай тіркелген.

«Алматы облысында 26 мамырдағы эпидемиологиялық жағдай жақсару үрдісімен қолайлы деп бағаланады. Облыс жасыл аймақта орналасқан. Өңірде 4 аудан қызыл аймақта, олар – Іле, Панфилов, Балхаш, Сарқан. Сары аймақта – Талдықорған қаласы, Талғар, Қаратал, Ұйғыр, Ескелді, Жамбыл және Алакөл аудандары орналасқан. Қалған аудандар жасыл аймақта» делінген Алматы облысы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, Алматы облысында 2020 жылдың наурыз айынан бастап барлығы 25 583 зертханалық расталған КВИ жағдайы тіркелген.

Оның ішінде 15 969 КВИ белгілері бар.

Соңғы 14 күнде коронавирус инфекциясының 2197 жағдайы тіркелді. Облыс бойынша КВИ өсу қарқыны соңғы 2 аптада 0,7% - дан 0,5% - ға дейін төмендеді.

Бірақ көрсеткіштер облыстық көрсеткіштің өсу қарқынынан асатын аудандар бар.

Соңғы аптадағы өсімнің ең жоғары қарқыны Балқаш – 0,9%, Іле – 0,9%, Жамбыл – 0,7%, Қарасай – 0,6%, Сарқан – 1,3%, және Талғар 0,8% аудандарында байқалады.

Соңғы тәулікте КВИ- дің 96 жағдайы тіркелді. Өсу қарқыны - 0,4%.

77 симптомдық, 25 симптомсыз жағдай.

«Эпидемиологиялық тексеру арқылы инфекцияның сенімді және ықтимал орындары анықталды. Мәселен, бір отбасы мүшелерінен ауру жұқтыруы – 29,2%, жұмыс орны бойынша байланыстар – 2,8%, базарлар - 24,2%, сауда объектілері (СОО, СҮ, дүкендер, дәріханалар) - 13,6%, қоғамдық көлік - 12,1% және отбасылық іс-шаралар (той, құдалық және басқа) - 13,6%» деп толықтырды аталған ведомствоның баспасөз қызметі.