Коронавирус: Токиодағы төтенше жағдай режимі 12 қыркүйекке дейін ұзартылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚазАпарат әлемдегі коронавирусқа қатысты жағдайларға қатысты шолуды жариялайды.
None
None

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлауынша, Сингапур соты британдықтарды қорғаныс маскасын киюден бас тартқаны үшін алты аптаға бас бостандығынан айырды. Ер адам алғаш рет метрода бетпердесіз жүріп, күзетшілердің ескертулерін елемеді. Сонымен қатар ол алдын-ала сот отырысы кезінде маска киюден бас тартты.

Жапония Үкіметі Covid-19 салдарынан Токиодағы төтенше жағдай режимін 12 қыркүйекке дейін ұзартуға, сондай-ақ шектеулерді тағы бірнеше префектураларға кеңейтуге шешім қабылдады. Бұл туралы Жапонияның экономиканы қалпына келтіру министрі Ясутоси Нишимура мәлімдеді.

Өткен аптада әлемде 4,4 миллионнан астам адам коронавирус жұқтырды – бұл алдыңғы аптаға қарағанда 2% - ға көп.

Сонымен қатар Малайзияда коронавирустық инфекция бойынша тәуліктік антирекорд жаңартылды – вирусқа шалдығудың 22 242 жағдайы тіркелді.


Соңғы жаңалықтар