Коронавирус: Түркістан облысында 995 мыңнан аса адам екпе қабылдаған

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында 995 мыңнан аса адам коронавирус екпесін қабылдады. Екінші компонентпен 940 981 адам вакцина салдырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Коронавирус: Түркістан облысында 995 мыңнан аса адам екпе қабылдаған

Соңғы тәулікте өңірде 27 адамда COVID-19 індеті анықталып, тәуліктік өсім 0,17 пайызға жетіп қалды. Қазір облыстағы жұқпалы аурулар ауруханасында барлығы 930 орын бар.

Айта кетерлігі, Жетісай ауданында тұрғындардың 98 пайызы екпе қабылдаған.

Соңғы уақытта жүкті әйелдер арасында пневмонияға шалдығуы жиілеп отыр. Қазіргі таңда аудандық инфекциялық ауруханада 51 науқас емделіп жатса, олардың 27-сі жүкті әйел. Мамандар мұның себебін бала босанатын келіншектердің вакцина қабылдамауы себеп болуы мүмкін деп отыр. Оның үстіне дүниеге келетін бала мен анасының денсаулығын ойлап, ауру белгілері байқалған жағдайда дереу госпитальға жатқызылуда.

Дәрігерлер алдағы уақытта жүкті әйелдер мен жасөспірімдерге де вакцина салынған кезде індетке шалдыққан науқастар саны азаяды деген сенімде. Қазір аудандық ауруханада жаңа екпені қабылдап, егуге дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.