Коронавирус: УЕФА еурокубок ойындарын тоқтатуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еуропа футбол қауымдастығы одағының (УЕФА) басшылығы коронавирусқа байланысты Чемпиондар лигасының және Еуропа лигасының матчтарын өткізуді тоқтату нұсқасын қарастыруда. Бұл туралы ағылшынның The Sun басылымы Catalunya Radioға сілтеме жасап хабарлайды.

Коронавирус: УЕФА еурокубок ойындарын тоқтатуы мүмкін

«Испандық Catalunya Rаdio радиосының хабарлауынша, УЕФА басшылығы турнирді 1/4 финал кезеңінен бастап тоқтата тұру мүмкіндігін қарастыруда», - делінген хабарламада.