Коронавирус: Үндістанда тағы 7 млн адам жұмыссыз қалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Үндістандағы жұмыссыздық деңгейі төрт айлық максимумға дейін өсті: сәуір айында шамамен 8%. Сол себепті мемлекеттік әкімшіліктер вирусты жұқтыру жағдайларының рекордты өсуіне жол бермеу үшін карантинді ұзартады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Bloomberg сайтына сілтеме жасап.

Коронавирус: Үндістанда тағы 7 млн адам жұмыссыз қалды

Center for Monitoring Indian Economy Pvt. жеке зерттеу фирмасының деректері бойынша, жұмыссыздық наурыз айында 6,5% болса, қазір 7,97%- ға дейін өскен. Өткен айда жеті миллионнан астам жұмыс орны жоғалды.

«Жұмыс орындарының саны қысқаруда. Бұл шектеулерге байланысты болуы мүмкін», - деді CMIE басқарушы директоры Махеш Вьяс телефон арқылы.

«Вирус әлі де қарқынды болғандықтан және біз медициналық көмек майданында күйзеліске түсіп жатқандықтан, мамыр айында да жағдай шиеленісуі мүмкін».

Жексенбіде Үндістанда Covid-19 күнделікті өлімі рекордты 3689 адамға жетті.

Сенбі күні Үндістан күн сайын 400000 аса жағдай тіркелген алғашқы ел болды.

Дегенмен дүйсенбіде жаңа жағдайлар саны сәл бәсеңсіді.