10:40, 06 Маусым 2022 | GMT +5
Коронавирус вакцинасының І компонентін салдырған адам саны 9 509 050-ге жетті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2022 жылғы 5 маусымдағы дерекке сай, Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 9 509 050 адам, 2-ші компонентін 9 287 230 адам салдырды, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК баспасөз қызметі.

«Pfizer» вакцинасының І дозасын 1 194 423 адам, ІІ дозасын 1 065 400 адам салдырды. Оның ішінде І компоненті егілген адам саны:
Жасөспірімдер – 858 176,
Жүкті әйелдер – 40 526,
Бала емізетін әйелдер – 143 221 адам.
ІІ компаненті егілген адам саны:
Жасөспірімдер – 813 344,
Жүкті әйелдер – 36 377,
Бала емізетін әйелдер – 131 974 адам.