Коронавирус жаһандық экономикаға қалай әсер етеді?
«Бұл жағдайдың экономикалық салдары болатыны сөзсіз. Әзірге экономистер нақты сандарды атауға әлі ерте деп отыр. Дегенмен, олардың айтуынша, вирустың экономикаға қалай әсер ететінін болжап көруге болады», деп жазады басылым.
Автордың айтуынша, осыған ұқсас жағдай 2002-2003 жылдары болған. Ол кезде Қытайда басталған Sars вирусы экономикаға 40 млрд доллар шығын алып келген.
«Қытайда экономикалық шығын әлден байқалады. Біріншіден, туристік бизнеске зиян тиді. Екіншіден, тұтынушылық шығын азайды. Ал Ухан қаласының маңызды көлік орталығы екенін ескерсек, қаланың жабылуы бизнес пен тауар тасымалына кері әсер етеді», деп жазады басылым.
Автордың айтуынша, пациенттерді емдеуге кететін қаржыны да ескеру керек. Яғни, осының бәрінен туындайтын қаржылық түйткілдер экономикалық проблемаға алып келеді.