Коронавирус: Жандарбек Бекшин қыркүйек пен қазан айларына болжам жасады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин қыркүйек-қазанға арналған коронавирус бойынша жаңа болжамын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Коронавирус: Жандарбек Бекшин қыркүйек пен қазан айларына болжам жасады

Спикердің сөзінше, қаладағы эпидемиологиялық жағдай бұрынғы болжамға сәйкес келеді.

«Болжам екі апта бұрын жасалды. Қазіргі уақытта эпидемиологиялық жағдай соған сай келеді. Қыркүйек айының басында бір тәулікте 1 300 адам індет жұқтырды. Қазір 1 058, кеше 1 287 науқастан анықталды. Біз қыркүйекте 500-600 жағдайға дейін төмендейді деп күтеміз. Қазанда жаңа мутацияланған штамм болмаса, 100-200 жағдайға дейін төмендеуі керек», - деді Жандарбек Бекшин.

Бұған дейін Жандарбек Бекшин қалада вирус жұқтырғандар саны азайғанын айтқан болатын.