Коронавирус жұқтырған 1047 адамның жағдайы ауыр - министрлік

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Елімізде 58 887 адам коронавирус инфекциясынан емделуде. Бұл туралы ҚазАқпарат ДСМ сілтеме жасап хабарлайды.

Коронавирус жұқтырған 1047 адамның жағдайы ауыр - министрлік

19 шілдедегі мәлімет бойынша, 58 887 адам коронавирус инфекциясынан (–57 269 + және 1618 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 19 005 пациент стационарда, 39 882 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 1047 адамның жағдайы ауыр,
• 230 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 144 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.