Коронавирус жұқтырған 108 бала емделуде - Алматы
30 сәуір күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 675 адам коронавирус жұқтырған. (жергілікті 673 және Түркия және Ресейден келген 2 жағдай), Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен - 584, симптомсыз – 91 науқас тіркелді.
«Инфекциялық стационарларда 3794 адам бар (төсек-орынның жалпы саны - 6 060), оның ішінде 108 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 239 адам жатыр. Ал 38 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 78 адам ем қабылдауды жалғастыруда.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 5477 пациент бар. Оның ішінде 4861 адамда індет белгілері болған, олар орташа ауыр жағдайда.