Коронавирус жұқтырған 11 адамның жағдайы ауыр -министрлік
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 15 298 адам коронавирус инфекциясынан (–15 088+ және 210 КВИ-) емделуде. Бұл туралы ҚазАқпарат Денсаулық министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Коронавируспен ауырғандар ішінде 287 пациент стационарда, 15 011 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
11 адамның жағдайы ауыр,
2 пациенттің жағдайы өте ауыр,
3 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.