Коронавирус жұқтырған 12 жастағы қыз бала жазылып шықты - Алматы

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда 12 жасар қыз бала коронавирустан жазылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Коронавирус жұқтырған 12 жастағы қыз бала жазылып шықты - Алматы

Қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ол бүгін балалар жұқпалы аурулар ауруханасынан үйіне шығарылды.

«Бала вирусқа қарсы және симптоматикалық ем-домның толық курсын алды. Ауру жеңіл формада өтті», - деді басқармадан.

Айта кету керек, 12 жастағы қыз бала 13 наурызда түнде Берлин-Минск-Алматы чартерлік рейсімен келген. Сол түні борттағы экипаж бен жолаушылардың барлығы бірден оқшауланған болатын.

Бұл Алматы ауруханаларынан жазылып шыққан 3-пациент. Олардың барлығы 14 күн дәрігерлердің бақылауында үй карантинінде болды.