11:50, 06 Наурыз 2022 | GMT +5
Коронавирус жұқтырған 13 мыңнан астам науқас үйінде емделіп жатыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 6 наурыздағы соңғы ақпарат белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бүгінгі күні 14 613 адам коронавирус инфекциясынан (13 501 КВИ+ және 1 112 КВИ-) емделіп жатыр.
Оның ішінде 1 541 пациент - стационарда, 13 072 науқас - амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:
- 113 адамның жағдайы ауыр
- 49 пациенттің жағдайы өте ауыр
- 35 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.