Коронавирус жұқтырған 1793 адамның жағдайы ауыр - министрлік

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –30 тамыздағы мәлімет бойынша 115 694 адам коронавирус инфекциясынан (108 831 КВИ+ және 6 863 КВИ-) емделуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат ДСМ сілтеме жасап.

Коронавирус жұқтырған 1793 адамның жағдайы ауыр - министрлік

Олардың ішінде:

26 181 пациент стационарда, 89 513 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
1 793 адамның жағдайы ауыр,
495 пациенттің жағдайы өте ауыр,
232 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.