Коронавирус жұқтырған 1918 адамның жағдайы ауыр – Денсаулық министрлігі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда 111 239 адам коронавирус инфекциясынан (–107 348 + және 3 891 КВИ-) емделуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
8 тамыздағы мәлімет бойынша, 111 239 адам коронавирус инфекциясынан (–107 348 + және 3 891 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 30 633 пациент стационарда, 80 606 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 1 918 адамның жағдайы ауыр,
• 405 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 196 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.