Коронавирус жұқтырған 192 адамның ахуалы нашар – министрлік
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирус жұқтырған 27 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 8 247 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 437 бала бар. Стационарларда 2 924 науқас жатыр. 5 323 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 192 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 20 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 27 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр», - делінген хабарламада.