10:24, 22 Қараша 2020 | GMT +6
Коронавирус жұқтырған 214 науқастың жағдайы ауыр - ДСМ
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавируспен ауырған 214 науқастың жағдайы ауыр екенін хабарлады.
Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 11 191 адам ем қабылдауда. Олардың арасында 614 бала бар. Стационарларда 3 165 науқас жатыр. 8 026 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 214 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 29 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 23 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.