Коронавирус жұқтырған 239 адамның жағдайы ауыр – министрлік

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирус жұқтырған 5 163 пациент стационарда ем қабылдауда. Бұл туралы ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Коронавирус жұқтырған 239 адамның жағдайы ауыр – министрлік

16 наурыздағы мәлімет бойынша, 19 375 адам короновирус инфекциясынан (15 449 КВИ+ және 3 926 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 5 163 пациент стационарда, 14 212 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.


КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 239 адамның жағдайы ауыр;
• 51 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 36 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.