Коронавирус жұқтырған 321 адамның жағдайы ауыр – министрлік
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 14 желтоқсандағы мәлімет бойынша 20 858 адам коронавирус инфекциясынан (–18 099+ және 2 759 КВИ-) емделуде. Бұл туралы ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Олардың ішінде 3 974 пациент стационарда, 16 884 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:• 321 адамның жағдайы ауыр,
• 82 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 62 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.