Коронавирус жұқтырған 348 адамның жағдайы ауыр - министрлік

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 13 ақпандағы мәлімет бойынша 57 581 адам коронавирус инфекциясынан (56 399 КВИ+ және 1 182 КВИ-) емделуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Коронавирус жұқтырған 348 адамның жағдайы ауыр - министрлік

Олардың ішінде:

-7 260 пациент стационарда,

-50 321 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

-348 адамның жағдайы ауыр,

-144 пациенттің жағдайы өте ауыр,

-98 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.