09:56, 17 Тамыз 2022 | GMT +5
Коронавирус жұқтырған 37 науқастың жағдайы ауыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 17 тамыздағы мәлімет бойынша, Қазақстан аумағында 21 957 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, олардың ішінде 1 058 пациент стационарда, 20 899 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
«КВИ-ге шалдыққандардың арасында 37 адамның жағдайы ауыр, 6 пациенттің жағдайы өте ауыр, 4 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр», - деп жазды комиссиядан.