Коронавирус жұқтырған 409 адамның жағдайы ауыр – министрлік
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –25 маусымдағы мәлімет бойынша Қазақстанда 22 325 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, деп хабарлайды ДСМ.
25 маусымдағы мәлімет бойынша, 22 325 адам коронавирус инфекциясынан (–21 025 + және 1300 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 6 738 пациент стационарда, 15 587 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 409 адамның жағдайы ауыр,
• 104 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 68 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.