09:06, 05 Сәуір 2021 | GMT +5
Коронавирус жұқтырған 452 адамның жағдайы ауыр - министрлік
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирус жұқтырған452 адамның жағдайы ауыр. Бұл туралы ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
5 сәуірдегі мәлімет бойынша, 27 836 адам короновирус инфекциясынан (26 662 КВИ+ және 1 174 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 10 354 пациент стационарда, 17 482 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 452 адамның жағдайы ауыр;
• 117 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 70 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.