Коронавирус жұқтырған 47 пациенттің жағдайы өте ауыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 21 желтоқсандағы жағдай бойынша елімізде коронавирус жұқтырған 20 772 науқас амбулаториялық жағдайда ем қабылдауда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Коронавирус жұқтырған 47 пациенттің жағдайы өте ауыр

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, 25 147 адам короновирус инфекциясынан (13 436 КВИ+ және 11 711 КВИ) емделуде, олардың ішінде 4 375 пациент стационарда, 20 772 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 249 адамның жағдайы ауыр;
• 47 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 43 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.