Коронавирус жұқтырған 475 пациенттің жағдайы өте ауыр – министрлік
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 31 тамыздағы мәлімет бойынша, 113 402 адам коронавирус инфекциясынан (–106 538+ және 6 864 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 25 582 пациент стационарда, 87 820 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Бұл туралы ҚазАқпарат ДСМ сілтеме жасап хабарлайды.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 1 791 адамның жағдайы ауыр,
• 475 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 216 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.