Коронавирус жұқтырған 701 адамның жағдайы ауыр - министрлік

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда 35 211 адам коронавирустан емделуде. Бұл туралы ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Коронавирус жұқтырған 701 адамның жағдайы ауыр - министрлік

22 мамырдағы мәлімет бойынша, 35 211 адам коронавирус инфекциясынан (34 663 КВИ+ және 548 КВИ-) емделуде. олардың ішінде 12 822 пациент стационарда, 22 389 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 701 адамның жағдайы ауыр,
• 172 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 95 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.