09:14, 23 Қыркүйек 2021 | GMT +5
Коронавирус жұқтырған 962 адамның жағдайы ауыр – министрлік
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда , 66 215 адам коронавирус инфекциясынан (–57 473 + және 8 742 КВИ-) емделуде. Бұл туралы ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Олардың ішінде 11 653 пациент стационарда, 54 562 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 962 адамның жағдайы ауыр,
• 239 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 131 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.