Коронавирус жұқтырған Борис Джонсон ауруханаға жатқызылды

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Осыдан 10 күн бұрын Ұлыбританияның премьер-министрі Борис Джонсон коронавирусқа тест тапсырып, оның нәтижесі бойынша індет жұқтырғаны белгілі болған. Бүгін ол тексеру жүргізу үшін ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі үкімет мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Коронавирус жұқтырған Борис Джонсон ауруханаға жатқызылды

«Премьер-министр өз дәрігерінің кеңесімен тексеруден өту үшін ауруханаға жеткізілді» деп мәлім етті Даунинг-стриттен.

Еске сала кетейік, Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон 27 наурызда өзінің коронавирус жұқтырғанын растаған еді. Ол содан бері оқшауланып, мемлекетті үйінен басқара бастаған.