Коронавирус жұқтырған Еуролига жеңімпазы Пековичтің жағдайы ауыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Грекияның «Панатинаикоса» баскетбол командасының құрамында Еуролига жеңімпазы атанған Никола Пекович коронавирус жұқтырып, ауруханада ауыр жағдайда жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат сербтің Telegraf порталына сілтеме жасап.

Коронавирус жұқтырған Еуролига жеңімпазы Пековичтің жағдайы ауыр

Дереккөз мәліметіне қарағанда, 34 жастағы Пековичтің өкпесі қабынған.

Черногорлық спортшы екі апта бұрын Подгорицадағы ауруханалардың біріне жатқызылған, кейінірек жағдайы күрт нашарлаған.

Пекович өз спорттық жолында сербтің «Атлас», «Авалу», «Партизан» командаларында ойнаған.

Ұлттық баскетбол қауымдастығында жеті жыл қатарынан «Миннесота» командасы құрамында болған.

Қазіргі уақытта ол баскетболдан Черногория құрама командасының менеджері қызметін атқаруда.