Коронавирус жұқтырған науқас 11 адаммен байланыста болған - Алматы облысы

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында коронавирус жұқтырған тағы бір науқас Қарасай ауданының тұрғыны, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Коронавирус  жұқтырған науқас 11 адаммен байланыста болған - Алматы облысы

Ол - Қарасай ауданы, Олипийская деревня 19 км мекен жайында тұрған.

Ауруханаға жатқызылған науқастың жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр. Пациентпен 11 адам қарым-қатынаста болғаны анықталып, олардың барлығы да дəрігерлердің бақылауына алынды.

Атап өтсек, 14 сəуір күнгі сағат 08.00-дегі жағдай бойынша, Алматы облысында коронавируспен ауырғандар саны 22 адамға жетті. 4 науқас дерттен жазылып шықты.