Коронавирус жұқтырған Владимир Зеленский ауруханада жатыр
КИЕВ. УКРИНФОРМ – ҚазАқпарат – Коронавирус жұқтырған Украина президенті Владимир Зеленский мен Президент Кеңсесінің жетекшісі Андрей Ермак «Феофания» ауруханасының оқшауланған палаталарында жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Укринформ агенттігіне сілтеме жасап.
Бұл туралы Президент Кеңсесі жетекшісінің кеңесшісі «Украинская правда» басылымына берген сұхбатында мәлімдеді.
«Бәрі қатаң хаттамамен бекітілген. Олар Феофанияда жатыр. Ол жерде Президенттің жиын өткізуіне арналған арнайы кабинет жасақталды», - деді Подоляк.
Оның айтуынша, мемлекет басшысының палатасында арнайы байланыс орнатылған. Ермактың мұндай кабинеті жоқ, тек оқшауланған палата ғана бар.
Подоляк Президенттің де, Президент Кеңсесі басшысының да жұмыс кестесі қалыпты екенін атап өтті. «Жалғыз шектеу – оқшаулану, жандарында ешкім жоқ. Яғни, Президент пен Кеңсе басшысының жанында көмекші жоқ, олар коммуникациялық офлайнда», - деді Ермактың көмекшісі.
Оның айтуынша, Зеленский карантин тәртібін қатаң ұстанатындықтан, отбасымен көріспейді. Президент Кеңсе басшысымен де тек телефон арқылы байланысып отыр.
Айта кетсек, 9 қарашада Президент Владимир Зеленский мен Президент Кеңсесінің басшысы Андрей Ермактан коронавирус анықталды.
11 қарашада Жоғары Рада басшысы Дмитрий Разумковтың да коронавирустың бар-жоғын анықтауға тапсырған тесті инфекция бар екенін көрсетті.