Коронавирус жұқтырғандар саны екінші күн қатарынан өсіп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте коронавирусқа шалдыққандар статистикасын жариялады.

Коронавирус жұқтырғандар саны екінші күн қатарынан өсіп жатыр

Оған сәйкес, 14 наурызда 109 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Бес адам пневмонияға шалдықты.

Одан бір күн бұрын - 86, ал оның алдыңғы күні - 44 қазақстандық аталмыш індетпен ауырған еді.