Коронавирусқа байланысты суицид: Видео авторы ұсталып, халықтан кешірім сұрады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Коронавирусты жұқтырғанына» байланысты өз-өзіне қол салатынын айтып, видео таратқан ер адам ұсталды. Ол жалған мәлімет таратқаны үшін халықтан кешірім сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Коронавирусқа байланысты суицид: Видео авторы ұсталып, халықтан кешірім сұрады

Интернетке мониторинг жүргізген полиция қызметкерлері видео таратқан адамды тауып, жауап алған. Ол – Алматы қаласының тұрғыны болып шықты.

«Мен кеше коонавирусты жұқтырғаныма байланысты өз-өзімен қол салып жатқан видеоны жарияладым. Аталған видео әзіл сипатына ие. Өз достарымның ортасына ғана арналған видео еді. Әлеуметтік желіге қалай тарап кеткенін білмеймін. Видеода болған сөздің бәрі – қалжың. Қазақстан халқынан кешірім сұраймын. Ақымақтық жасағанымды мойындаймын», - дейді Ішкі істер министрлігінің ресми сайтында жарияланған видеода.