08:44, 17 Тамыз 2022 | GMT +5
Коронавирусқа қарсы егу жұмыстары жалғасып жатыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 16 тамыздағы есеп бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның І компонентін 9 573 638, ІІ компонентін 9 352 984 адам салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.
Сондай-ақ, «Pfizer» вакцинасының І дозасын 1 237 396, ІІ дозасын 1 193 820 адам салдырды. Оның ішінде І компонентімен егілген жасөспірім – 873 544, жүкті әйел – 41 584, бала емізетін әйел – 145 357. Ал, ІІ компонентін салдырған жасөспірім – 857 367, жүкті әйел – 39 357, бала емізетін әйел – 141 668.