Коронавирусқа қарсы вакцина салынатын тәуекел тобындағы адамдар айқындалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның тиімділігін анықтау үшін екпе жасалатын тәуекел топтары айқындалғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алдын ала анықталған мәлімет бойынша, ол санатқа жататын адамдардың саны – 2,8 млн адам. Бұл – бүкіл халықтың 15 пайызы. Екіншіден, осы жылдың қазан айының соңына дейін 13 модульді инфекциялық ауруханының құрылысын аяқтау жоспарлануда. Ол 3 100 төсек орынға арналған нысандар. Ол нысандар облыс орталықтары мен Алматыда орналасқан», - деді Үкімет отырысында.

Алексей Цойдың айтуынша, бүгінгі таңда елдегі инфекциялық және провиорлық стационарларда 3 379 жасанды тыныс алу аппараты бар.

«Қосымша 2 619 аппарат сатылып алынады. Оның 1500-і отандық өндірістен шығарылған», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар
telegram