Коронавирусқа шалдыққан 133 адамның жағдайы ауыр - Денсаулық министрі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастар туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
4 наурыздағы жағдай бойынша 17 077 адам (15 960 КВИ+ және 1 117 КВИ-), коронавирус инфекциясынан емделуде (18 815 КВИ+ және 1 091 КВИ, олардың ішінде 1 808 пациент стационарда, 15 269 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 133 адамның жағдайы ауыр,
- 47 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 37 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.