Коронавирусқа шалдыққан 2 мыңға жуық науқастың жағдайы ауыр – министрлік

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастардың жағдайына қатысты мәлімет ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Коронавирусқа шалдыққан 2 мыңға жуық науқастың жағдайы ауыр – министрлік

9 тамыздағы дерек бойынша, қазір ел өңірлерінде 113 186 адам коронавирус инфекциясынан (–109 382 + және 3 804 КВИ-) ем қабылдауда. Олардың ішінде 31 504 пациент стационарда, 81 682 науқас амбулаториялық деңгейде емделіп жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 1 981 адамның жағдайы ауыр,

- 402 пациенттің жағдайы өте ауыр,

- 192 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.