Коронавирусқа шалдыққан 242 науқастың жағдайы ауыр – министрлік
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде коронавирус инфекциясынан барлығы 21 285 адам емделуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«22 ақпандағы мәлімет бойынша, 21 285 адам короновирус инфекциясынан (13 679 – КВИ+ және 7 606 – КВИ-) емделуде. Олардың ішінде 4 838 пациент стационарда, 16 447 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда», - деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 242 адамның жағдайы ауыр;
- 53 пациенттің жағдайы өте ауыр;
- 43 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.