08:40, 21 Қыркүйек 2021 | GMT +5
Коронавирусқа шалдыққан 261 науқастың жағдайы өте ауыр - Денсаулық министрлігі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 21 қыркүйекте елімізде 68 803 адам коронавирус инфекциясынан (- 60 242 + және 8 561 - КВИ) емделуде. Бұл туралы ҚазАқпарат ДСМ сілтеме жасап хабарлайды.
12 381 пациент стационарда, 56 422 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 987 адамның жағдайы ауыр, 261 пациенттің жағдайы өте ауыр,
143 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.