Коронавирусқа шалдыққан 265 адамның жағдайы ауыр – министрлік
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ел өңірлерінде коронавирус инфекциясынан 27,5 мыңға жуық науқас ем қабылдауда. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
5 ақпандағы мәлімет бойынша, Қазақстанда 27 480 адам короновирус инфекциясынан (16 584 КВИ+ және 10 896 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 5 734 пациент стационарда, 21 746 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 265 адамның жағдайы ауыр;
- 49 пациенттің жағдайы өте ауыр;
- 48 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.