Коронавирусқа шалдыққан 400-ге жуық науқастың жағдайы ауыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 30 қаңтардағы мәлімет бойынша, ел өңірлерінде коронавирус инфекциясынан 156 342 адам емделуде. ҚазАқпарат бұл туралы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Коронавирусқа шалдыққан 400-ге жуық науқастың жағдайы ауыр

Оның ішінде 154 988 науқас – коронавирус инфекциясына, 1 354 науқас коронавирус пневмониясына шалдыққан. 10 226 адам стационарда, 146 116 пациент амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 393 адамның жағдайы ауыр;

- 163 пациенттің жағдайы өте ауыр,

- 95 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.