Коронавирусқа шалдыққан 451 науқастың жағдайы ауыр – министрлік
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа шалдыққан науқастар туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
24 қарашадағы дерекке сәйкес, бүгінде ел өңірлерінде 28 704 адам коронавирус инфекциясынан (–24 700+ және 4 004 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 5 943 пациент стационарда, 22 761 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+ (коронавирус), КВИ- (коронавирус пневмониясы) шалдыққандардың арасында:
- 451 адамның жағдайы ауыр,
- 126 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 81 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.