Коронавирусқа шалдыққан 540 науқастың жағдайы ауыр - Денсаулық министрі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастар туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Коронавирусқа шалдыққан 540 науқастың жағдайы ауыр - Денсаулық министрі

2 қарашада, 45 777 адам коронавирус инфекциясынан (–40 102 + және 5 675 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 8 268 пациент стационарда, 37 509 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

540 адамның жағдайы ауыр,

171 пациенттің жағдайы өте ауыр,

110 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.