Коронавирусқа шалдыққан 558 науқастың жағдайы ауыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия індетке шалдыққан науқастар туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
7 қарашадағы жағдай бойынша, ел өңірлерінде 40 950 адам коронавирус инфекциясынан (35 586 КВИ+ және 5 364 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 7 401 пациент стационарда, 33 549 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
558 адамның жағдайы ауыр,
142 пациенттің жағдайы өте ауыр,
115 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.