Коронавирусқа шалдыққан 600-ге жуық науқастың жағдайы ауыр – министрлік
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа шалдыққан науқастардың жағдайы туралы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
7 маусымдағы ақпарат бойынша, қазір ел өңірлерінде 24 600 адам коронавирус инфекциясынан (23 703 КВИ+ және 897 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 8 724 пациент стационарда, 15 876 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 579 адамның жағдайы ауыр,
- 120 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 78 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.