Коронавирусқа шалдыққан 700-ге жуық науқастың жағдайы ауыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққан 684 науқастың жағдайы ауыр. ҚазАқпарат бұл туралы Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Коронавирусқа шалдыққан 700-ге жуық науқастың жағдайы ауыр

12 қазандағы мәлімет бойынша, ел өңірлерінде 53 729 адам коронавирус инфекциясынан (46 665 КВИ+ және 7 064 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 9 550 пациент стационарда, 44 179 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 684 адамның жағдайы ауыр,

- 197 пациенттің жағдайы өте ауыр,

- 128 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.