09:03, 02 Тамыз 2022 | GMT +5
Коронавирусқа шалдыққан 8 науқастың жағдайы өте ауыр – министрлік
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирусқа шалдыққан 8 адамның жағдайы өте ауыр. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
«2 тамыздағы мәлімет бойынша, 27 351 адам коронавирус инфекциясынан (–27 129+ және 222 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 1 539 пациент стационарда, 25 812 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда», - делінген ведомство мәліметінде.
КВИ+ (коронавирус), КВИ- (коронавирус пневмониясы) шалдыққандардың арасында:
- 37 адамның жағдайы ауыр;
- 8 пациенттің жағдайы өте ауыр;
- 4 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.