Коронавирусқа шалдыққан 800-ге жуық науқастың жағдайы ауыр - министрлік

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастардың жағдайы туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Коронавирусқа шалдыққан 800-ге жуық науқастың жағдайы ауыр - министрлік

30 сәуірдегі ақпарат бойынша, коронавирус инфекциясынан 42 730 адам (42 235 КВИ+ және 495 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 15 207 пациент стационарда, 27 523 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 763 адамның жағдайы ауыр;

- 196 пациенттің жағдайы өте ауыр;

- 112 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.