Коронавирусқа шалдыққан 800-ге жуық науқастың жағдайы ауыр – министрлік

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда коронавирустан 36,6 мың науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиядан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Коронавирусқа шалдыққан 800-ге жуық науқастың жағдайы ауыр – министрлік

19 мамырдағы мәлімет бойынша, елімізде 36 617 адам коронавирус инфекциясынан (36 108 КВИ+ және 509 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 13 452 пациент стационарда, 23 165 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 761 адамның жағдайы ауыр,

- 185 пациенттің жағдайы өте ауыр,

- 110 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.